Ринат Джексенов – коммерциялық менеджмент саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 17 жылдан астам уақытын телекоммуникация саласына арнаған тәжірибелі басшы. Ол тиімді бизнес-модельдерді құру, команда қалыптастыру және ауқымды стратегиялық міндеттерді іске асыру қабілетімен танылған кәсіби маман.
Әр жылдары Ринат Джексенов телекоммуникация саласындағы жетекші компаниялар – «Kcell» және «Қазақтелеком» АҚ-дарда басшылық лауазымдарды атқарып, сату, клиенттерге қызмет көрсету және цифрлық арналарды дамыту бағыттарына жетекшілік етті. Оның басшылығымен компаниялардың негізгі көрсеткіштері тұрақты өсіп, қызмет сапасы артты.
2025 жылдан бастап ол «Jusan Mobile» АҚ-да Бас коммерциялық директор және Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Оның стратегиялық көзқарасы мен басқарушылық тәсілі компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға және бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосты.
Ринат Джексеновтің Басқарма төрағасы болып тағайындалуы – «Jusan Mobile» компаниясының даму стратегиясының сабақтастығын және Қазақстанның телекоммуникация секторындағы позициясын одан әрі нығайту бағытын айқындайды.