«Jusan Mobile» Акционерлік Қоғамы - телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің және ақпараттық технологиялар саласында қызметтердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі.
Біздің қызметіміздің принципі байланыс — бұл тек жабдық пен технология ғана емес, бұл ең алдымен адамдар және идея, бұл ынтымақтастық, кез келген мақсаттарды шешуге және клиенттердің табыстарына арқа сүйеуге даярлық екендігінен құрылған.
Телекоммуникация саласының даму үрдістерін нық ұстана отырып, Jusan Mobile өзінің негізгі қағидалары ретінде кәсібилік, сенім және нәтижені таңдады.
Бұған Jusan Mobile-дың «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасының басты бастамаларының бірі – «328 ауылдық елді мекен» жобасындағы мемлекеттің негізгі серіктесіне айналғаны айқын дәлел. Жоба аясында еліміздің ең шалғай өңірлеріндегі 328 ауыл жылдамдығы жоғары спутниктік интернетке қосылмақ.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 25 қаңтарда Jusan Mobile дүние жүзінде тұңғыш рет Eutelsat-OneWeb төмен орбиталы спутниктері арқылы ұлттық тасымалдаушы «Қазақстан Темір Жолы» пойыздарын аса жылдам интернетке іске қосты. Бұл оқиға компания және тұтас телеком саласы тарихында маңызды белеске айналды.
Аталмыш жетістіктермен шектелмей, Jusan Mobile өз инфрақұрылымын дамытып, заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыруда. Компания ірі кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың сеніміне ие.
Jusan Mobile – әлемді байланыстырамыз, шешімдерді біріктіреміз!
Компания қызметінің негізгі бағыттары
Телекоммуникациялар
Техникалық қызмет көрсету
Жүйелік интеграция
Клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапа стандарттарын қолдай отырып, телекоммуникациялық технологиялардың даму деңгейін арттырып және техникалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Компания жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда, біздің компания лайықты инфрақұрылымды, білікті мамандар штаты және тәуір клиенттік базасы бар өзара ірі инфокоммуникациялық компаниялар қатарында.