Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    

Күзде Алматы телекоммуникациялық саланың өкілдері үшін жиналу орталығына айналады 12.07.2017


Жаһандық байланыс операторларының көшбасшылары үшін 5-6 қыркүйек күні Алматы қаласы жиын орталығына айналады. Өйткені биыл деректер алмасу, дауыстық телефония, SMS, мобильді байланыс операторларының, OTT, VAS, кабельдік және спутниктік жүйелерге деректерді өңдеу және сақтау орталықтарына бағытталған Tier-1, Tier 2-Tier-3 деңгейдегі компания өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі алғаш рет Қазақстанда өтеді. Іс – шараны ұйымдастырушы - Carrier Community. Carrier Community – бұл бірегей жаһандық платформа, ол телекоммуникациялық қызметтер саласындағы өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің арасындағы диалогты құру үшін құралған, сонымен қатар,ол кездестірулер ұйымдастырып, ақпарат пен контактілер алмасатын бірыңғай портал ұсынады. Бүгінгі күні Carrier Community 4800-ден астам мүшесі бар, оның ішінде, 120 мемлекеттен жиналған 2200 байланыс операторлары бар.

Конференция GCCM (Global Carrier Community Meeting) Лондон, Сингапур, Кейптаун, Рио-де-Жанейро, Дубай және Берлин қалаларында тұрақты түрде өтеді. GCCM CIS Алматыда 30 елден 150 компанияның 250 өкілінің басын қосады. Конференция аясында нарықтың өзектік мәселелеріне қатысты баяндамалар жоспарлануда. Бұдан басқа, іс-шара нетворкинг пен формалды емес мән-жайда әңгімелесуге керемет мүмкіндіктер береді.

"KazTransCom" АҚ іс-шараның гауһар демеушісі болып танылды, сондықтан сіздермен GCCM CIS 2017 қуана кездесеміз!