Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    

Операторлардың ғаламдық қоғамдастықтар көшбасшыларына арналған Әлемдік деңгейдегі оқиға Алматы қаласында өтеді 23.05.2017


2017 жылдың 5-6 қырқүйегінде Алматы қаласындағы Rixos Almaty қонақ үйінде жыл сайынғы «GCCM CIS 2017» өтпек. Оны ұйымдастырып жатқан CarrierCommunity – телекоммуникация қызметтері провайдерінің ғаламдық клубы.

Tier-1, Tier-2 және Tier-3деңгейіндегі көшбасшы 150 компанияның 250 өкілінің келіссөз алаңы - «GCCM CIS 2017» болмақ, әрі мұнда әлемнің 30 елінен: дауыстық телефония, деректер алмасу, SMS,ұялы байланыс операторлары, OTT, VAS, кабельді және спутниктік жүйелер, деректерді өндеу және сақтау орталықтарына бағытталған компаниялар қатысады.

GCCM CIS конференциясының басты демеушісі (гауһар деңгейлі) KazTransCom болып табылғанын қуана хабарлаймыз. Сонымен қоса, бұл оқиға ең жоғары деңгейде өтетініне кепілдік етеміз. Сондықтан, іскери әрі достық қатынас орнатқыңыз келсе, және өзара олжалы ынтымақтастық құруды мақсат тұтсаңыз, Қазақстан Республикасы Алматы қаласында өтетін «GCCM CIS 2017» –ге қатысудың 5 себебін тізіп көрсетеміз:  

«KazTransCom» АҚ маманымен кездесуді алдын ала белгілеп қойсаңыз болады. Ол үшін Асель Искендировамен a.iskendirova@kaztranscom.kz электрондық пошта арқылы байланысқа шығыңыз. Біз уақытын белгілеп, кездесуге арнайы бөлме әзірлеп қоямыз.

Жұмыс кездесуінен бөлек еркін мән-жайда кездесу мүмкіндігі де көзделген, өйткені конференция бағдарламасы делегаттардың кешкі қабылдауда кездесуін де ескерген.

«GCCM CIS 2017» толық бағдарламасымен ұйымдастырушының сайтынан таныса аласыз.

Іс шара сайты