Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    

IT аутсорсинг бір операторлы 04.02.2015


IT-аутсорсинг – әлемдегі ең жақсы дамушы қызметтердің бірі.

Аутсорсерлермен серіктес болуға талпыныс, қызметтердің айқындылығы мен қол жетімділігін арттырады, бұл компания қызметінің негізгі түріне ден қоюға мүмкіндік береді. АҚ «KazTransCom» мамандары аутсорс саласындағы кез-келген деңгей мен күрделіліктегі қызметпен қамтамасыз етуге қабілетті. Біз жоғары сапаға, қатаң құпиялылық және қаржы ресурстарының айтарлықтай үнеміне кепілдік береміз.

KazTransCom компанияларға ІТ аутсорсингті бір тұлғаның атынан ұсынады, осылайша  solution provider ауысады – қазіргі күнгі және потенциалды клиенттер телеком қызметінің дәстүрлі де, инновациялық та түрлерін ала алады, себебі олар техникалық қызмет көрсету мен қолдау, жүйелі интеграция қызметтері, инжиниринг, техникалық аудит бойынша қызметтермен сабақтасады. Мұнда клиентке қолданылатын технологияларды салыстырмалы бағалау немесе көрсету арқылы берілген  міндетті оңтайлы әдіспен шешу ұсынылады. Жеткізілетін техъникалық шешімдер спектрі тек қана байланыс жүйелері және  құралдарымен шектелмейді, тапсырыс берушінің қолайлылығы үшін біз жобалау, жасақтау мен кешенді шешімдерді енгізу, энергиямен қамтамасыздандыру эәне энерготиімділік бойынша міндеттерді шешеміз.

Біз кәсіпорынның  орналасу нысандарына қарамастан  және қолданылатын технологиялардың күрделілігіне байланысты аутсорсинг бойынша алынған міндеттерді орындаймыз, бұл телеком саласындағы көпжылдық тәжірибеге де, үлкен кәсіби ұжымның болуына да байланысты. Бүгінгі күні техникалық жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асыру үшін ірі, орта және шағын бизнес компаниялары, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар қолданатын қызметтермен, техниканың соңғы жетістіктерімен компаниянықамтамасыз етеміз.

Неге клиенттер бізді таңдайды? Соңғы уақыттағы тәжірибе көрсеткендей, аутсорсингке инфрақұрылымды беру дағдысы тапсырыс берушінің негізгі бизнесінің тиімділік тұрғысында өзін ақтайды, және KazTransCom ұсынатын қызметтердің сапа деңгейі біздің клиенттерге саласына қатыссыз тапсырмаларды шешуге алаңдамастан, толықтай негізгі бизнесіне  ден қоюға мүмкіндік береді. Мұндай клиенттер алынатын нәтижені салыстыру құқығына ие болады. Біз мұны кәсібилігіміздің ең маңызды дәлелдерінің бірі деп санаймыз. Бізбен келісім шартқа отыру арқылы, клиент барлық қиындықтар туралы ұмытып және айқын жетістіктерді алу мүмкіндігіне ие болады: «дайын өнім» (толық аяқталған) қызметі, ІТ-шығындарды болжау мен оңтайландыру және инфрақұрылым жағдайының үздіксіз мониторингі.