«KazTransCom» АҚ жаңа k-Spot қызметі, SMS авторизациясы мен маркетингтік құралдары бар жариялы Wi-Fi. Осы қызметтің көмегімен оператор қоғамдық орындарға келішулерге Wi-Fi технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімділік ұсынады. Сондай-ақ, ҚР заңнамасына сай СМС арқылы kSpot қызметінің көмегімен келушілердің ұялы телефондарына ақпараттық және жарнамалық хаттарды жеткізуді іске асыруға мүмкіндік пайда болды («Қоғамдық орындарда Интернетке қолжетімділік қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР инвестиция және даму министірінің №67 26.01.2016 бұйрығы).
Әдеттегі жариялы Wi-Fi желілерде Интернет ұстап тұрғандай көрінгенмен, шын мәнінде қажетті ақпаратты аша алмайсың, ал k-Spot тіпті 200 тұтынушы бір сәтте Интернетке жүгінгеніне қарамастан, барлығына бірдей жылдамдықпен жетіп тұрады. Қамтитын аймақ үлкен болып жатса, қосымша интернетке ену нүктелерін орнатуға мүмкіндік бар.
Ол қызметті пайдалану үшін, қымбат жабдықтар алудың еш қажеті жоқ. «KazTransCom» АҚ kSpot қызметін кешенді түрде ұсынады, Интернет арна, Wi-Fi жабдық, авторизация жүйесі, онда клиенттердің жеке кабинетке кіру статистикасын пайдалану мүмкіндігі көзделген, бәрі бірыңғай қызмет шеңберінде ұсынылады.
Жұмыс тәртібі.
Wi-Fi желіге қосылған соң, тұтынушы құралында алғашқы бет пайда болады, онда өз ұялы телефон нөміріңді еңгізесің. Сол нөмірге жеке пароль көрсетілген SMS хат келеді. Аталмыш пароль – Интернетке кіруге рұқсат береді, содан кейін ғаламторға еркін жүзе аласың.
Бизнес өкіліне қандай пайда?