Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    

Алғыс айтамын! KazTransCom корпоративтік қайырымдылық форумының Бірінші жиынына қатысты. 01.03.2017


Мемлекетіміздің Бас қаласы, Елордамыз Астана қаласында, «Астана Опера» шаңырағында, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры корпоративтік қайырымдылық форумының Бірінші жиынын ұйымдастырды. Форум өз алаңында әр түрлі салалар өкілдері жиналды. Жиынға ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік билік өкілдері, кәсіпкерлер, халықаралық сарапшылар мен белсенді тұлғалар қатысты. Осы шақырылған қонақтардың қатысуымен, қайырымдылық шарасы барынша тиімді бола отырып, жетік нәтижелерге әкелуі тиіс. Себебі, олардың әрқайсысының ең үлкен және басты мақсаттарының бірі – біздің әлемді жақсарта түсуге өз үлестерін қосу. 24-25 ақпан күндері Астана Опера жаңа ұсыныстар, идеялар, жобалар, пікірлер мен әсерлерге толы болды. Бұл шара екі күнге созылды. Бірақ бұл форумға қатысушылар үшін өте аз болды. Айтарлықтай ой көп, өз пікірін білдіргісі келгендердің саны аз емес еді.

Астанаға іске асыру саласындағы халықаралық эксперттер келіп жетті. Атап айтқанда, Мешкова Алена – Хабенский Константин Қайырымдылық Фондының директоры,  ресейлік «Форум Доноров» ұйымының атқарушы директоры – Болдырев Александр, «Газпром нефть»  ресейлік компаниясының өңірлік саясат Басқармасының бастығы – Казарина Анна.

 «KazTransCom» АҚ да бұл шарадан сырт қалмады. Аталмыш форумда біздің компанияны Бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары – Алибаева Айсұлу ханым ұсынды. Айсұлу ханым  форумның пленарлық отырысына, сондай-ақ кейінгі пікірсайыстарға да белсене қатысты. 

 

Форумның басты мақсаты - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, қайырымдылық бағдарламаларының ең үздік тәжірибелерін анықтау, сонымен қатар, қоғамда және бизнес-ортадаларда корпоративті бағдарламалар жайлы ақпараттың кең ауқымда таралуы. 

  

Форумның бірінші күні «Корпоративті қайырымдылық: қоғам дамуындағы бизнестің әлеуметтік рөлі» пленарлық отырысынан бастау алды. Қатысушылар қайырымдылық саласындағы мемлекет, бизнес және Үкіметтік Емес Ұйымдар арасындағы өзара тиімді әріптестік қатынастарды қалау жолдарын қарастырып ғана қоймай,  әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелерімен бөлісті.

Бірінші пленарлық отырысты аша отырып, «Самрұқ –Қазына » АҚ Басқарма төрағасы Шүкеев Өмірзақ: - «Біз, ұзақ мерзімді перспектива үшін жұмыс атқара отырып, тұрғындармен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен өзара тиімді қарым-қатынастарды жолға қоюда мүдделіміз. Біз орын алған саламызда, халықты тек жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп ғана қоймай, кадрларды дамытып және оларды тәрбией отырып, жергілікті өнім өндірістерін қолдап, тұрақтылықты сақтай отырып, лайықты өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бар күшімізді салудамыз. Қоғам үшін жасалатын мұндай инвестициялар, корпоративтік мәдениет ішіндегі әлемдік тренд болып саналады».

"Samruk-KazynaTrust" Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дархан Қалетаев, Қордың жұмыс мақсаттары мен міндеттері және принциптері туралы әңгімеледі.  «Samruk-KazynaTrust жұмысы әлеуметтік маңыздылық, жүйелілік және ашықтық принциптеріне негізделеді.

Бұл құндылықтар әлеуметтік бағдарламаларды дамытумен айналысатын қазіргізаманғы мекемелер үшін жақын және түсінікті. Біз әлеуметтік жобалардың сапасын арттыра отырып, кең ауқымдылығы және жүйелілігін нығайтып, осы салада өз көшбасшыларымызды жетілдіре отырып, жеткен жетістіктеріміз бен тәжірибелерімізді кейінгі ұрпаққа тапсыруды көздейміз» - деп, Қалетаев Дархан өз сөзін қорытындылады. Форумға қатысушылардың аса назарына ілінген және қызығушылықтарын тудырған – бизнес өкілдері борлды. Олар осы тізбектің соңғы буыны екенін түсінген жөн. Осы жиынға қатысқандардың ішінде қайырымды жандардың аздығы таң қалдырды. Және олардың халық назарында үнемі болғандығын елестету әбден мүмкін. Біздің компанияның  бұл жолды таңдағанына көп уақыт болмады, бірақ мұндай дерек форум қатысушыларының зор қызығушылығының тууына кедергі болмады. Алибаева Аусұлу былайша айтқанда, бірқатар сұрақтардың астында қалды. ҮЕҰ өкілдері, белсенділер және тағы да басқа мекемелер біздің олармен корпоративтік-волонтерлік тәжірибемізбен бөлісуімізді сұрады.

  

Алибаева Айсұлу біздің бұл күрделі, бірақ ізгілік жолына енді қадам басқанымызды атап өтті: - Біз бұл істің майталманы болмасақ та, аз да болса тәжірибеміз бар, әрине. Біздің компания «Корпоративтік тәлімгерлік» жобасына бір жылдан аса уақыт қолдау көрсетуде. Бұл бір жеке бала немесе жеке нысан үшін көрсетілетін бір жолғы көмек емес, жалпы жобаны ұзақ мерзімді перспективаға қолдау. Біз компания және оның қызметкерлерінің  күшімен асырап алуға келмейтін жасөспірімдердің әлеметтендірілуі, бейімделуі және кәсіби бағдарлануы шараларына белсене қатысуға тырысамыз. Бүгінгі таңда көптеген түрлі іс-шаралар өткізілді. 3-4 күн бұрын  біздің компания іргесінде жасөспірімдерге арналған кәсіби бағдарлау шарасын өткіздік. Сонымен қатар бұл жобаның негізінде тәлімгерлерге және балалардың өздеріне жеке психологиялық көмек көрсетіледі. Әр түрлі семинар, мастер-класстар ұйымдастырылады. Әзірге, ғажап нәтижелермен мақтана алмасақ та, бірқатар жетістіктерге жеттік деп есептеймін. Ең бастысы, біз осы балалардың сенімін баурап ала алдық. Ал бір баланың кезбелікке салыну синдромынан арылуына себеп болдық.

  

Корпоративтік қайырымдылық форумы - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында тәжірибе алмасудың бірегей диалог алаңы. Форум жұмысы, корпоративтік қайырымдылықтың дамуына, идеялардың жылжуына  оны үнемі қолдауға бағытталған.  

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аспаптарын тиімді пайдалану, тек қоғамның тұрақты дамуын арттырып ғана қоймай, сонымен қатар, қоғамның бизнеске деген сенімділігінің деңгейін көтереді. Форумның маңызды бөлігі презентациялар, мастер-класстар мен семинарларға бізде белсене қатысуға мүмкіндік алдық. Корпоративтік қайырымдылық Форумының бірінші күні үлкен концерттік бағдарламамен аяқталды.