Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
WhatsApp

Алғабас ауылы болашаққа аса жылдам, сапалы Интернетпен қадам басты! 06.09.2025


Jusan Mobile компаниясы кезекті тарихи жобаны жүзеге асырмақ. «328 ауылдық елді мекен» мемлекеттік әлеуметтік бастамасының мақсаты – OneWeb төмен орбиталы спутниктік технологиясы арқылы еліміздің шалғай ауылдарын тұрақты байланыспен қамтамасыз ету.

Осы бағдарлама барысында Jusan Mobilе сапалы спутниктік интернет қосуды бүгін Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Алғабас ауылынан бастады. Интернетті сынақтан өткізу және салтанатты таныстыру шарасына ауыл тұрғындары, Алғабас әкімдігі және «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті» РММ және Jusan Mobile өкілдері қатысты. Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін олар жақындарымен байланысу үшін ауылдан 6 км жердегі биікке баруға мәжбүр болған екен.

Қазақстан телекоммуникация тарихында цифрлық теңдік үшін маңызды әлеуметтік қадам ретінде қалатын аталмыш бастама Jusan Mobile-дың байланыс саласындағы ең батыл шешімдерді жүзеге асырушы рөлін растай түсті.

Jusan Mobilе – сіз бар жерде Интернет те бар!