Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Сіздің аймақ - Алматы?
Иә    


DNS-Сүзгілеу

DNS сұранымдар деңгейіндегі Қауіпсіз Интернет



Өтінім қалдыру

DNS Сүзгілеу — сіздің ұйымыңыздың желілік қосылуларын Интернет трафикпен басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұлтты қызмет.


Трафикті басқару -қауіпсіз Интернетке қадам.



Кез келген оператордың Интернет қосылуларымен DNS Сүзгілеу қызметін пайдалана отырып, сіз төмендегілерді жасай аласыз: DNS сұранымдар деңгейінде қажетсіз сайттарға қолжетімділікті шектей аласыз, байланыс арналарына жүктемені азайту есебінен корпоративтік желілік сервистердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ете аласыз, сонымен қатар, өз қызметкерлеріңіздің жұмыс уақытын тиімді пайдалануын арттыра аласыз.

Қызметті пайдалана отырып сіз ақ және қара тізімдермен жұмыс істей аласыз, желілерге немесе жеке IP-мекенжайларға сүзгілеу саясатын қолдана аласыз, сонымен қатар, өзіңіз таңдап алған бағыттарға DNS сұранымдардың мекенжайын ауыстыра аласыз. Сүзгілеу ережелері тәуліктің белгілі уақыттарында белсендендірілуі мүмкін, ал қызметті басқару ыңғайлы графикалық интерефейс арқылы сіздің жеке кабинетіңізде жүзеге асырылады


Бұл қызмет келесі міндеттерді шешеді

1

Клиент белгілеген тәулік уақыты ішінде сүзгілеуі жүзеге асыру

2

Клиент қойған ережелер бойынша DNS сұранымдар деңгейінде трафикті сүзгілеу

3

Сіздер белгілеген IP-мекенжайларға DNS сұранымдарды редирект



4

Бизнеске маңызды қосымшалардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, өз желіңіздегі мақсатсыз Интернет трафиктің көлемін қысқартады

5

Тікелей мақсаттан ерекшеленетін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын кез келген мақсаттарда Интернет желісінің қолданылуының алдын алады.

6

Ойын-сауық сипатындағы сайттарға қолжетімділікті шектеу есебінен өз қызметкерлеріңіздің жұмыс уақытын тиімді пайдалануын арттырады.




Қалай жұмыс істейді

Қызметті пайдалану үшін, IT әкімшіге негізгі және баламалы DNS сервер(лер) ретінде басқа желілік жабдықта немесе роутерде KazTransCom DNS серверлерін көрсете отырып желілк құрылғылар баптауларын өзгеріс енгізу жеткілікті. Ары қарай жеке кабинетте сүзгілеу ережелерін баптау және өз компанияңыздың қажет IP-мекенжайларына немесе желілеріне қолдану және сүзгілеу ережелерін баптау қажет.





Қосымша сервистер






Клиентке түсер пайда


Басқару жеңілдігі

Интернет арқылы қызметті әлемнің кез келген нүктесінен басқару мүмкіндігі.

Толық бақылау

Домендік атау, уақыт және дата бойынша Интернет ресурстарды бақылау.

Қосылу жылдамдығы

Қызметті қосу бірнеше сағаттың ішінде жүзеге асырылады.




Ақылды сүзгілеу

Желінің қорғаныс механизмдерін, сонымен қатар, DNS сұранымдарды анонимайзер сайттарын айналып өтуге мүмкіндік беретін қосымшалар трафигін бұғаттау. Мақсатты ресурсты бұғаттаусыз жеке беттерді бүғаттау мүмкіндігі.

Үнемдеу

Қызмет толығымен KazTransCom жағында жүзеге асырылған, сізге қандай да бір қосымша жабдық немесе бағдарламалық қамтамасыз ету орнату қажет емес.

Сүзгілеу тізімдері

Қол режимінде түзету мүмкіндігімен Интернет-ресурстарды қарауға тыйым салатын сүзгілеудің алдын ала орнатылатын, жаңартылатын тізімдерінің болуы.




Құны

Құны тарифтік жоспар мен қосымша қызметтерге байланысты жеке есептеледі.



Қызметке қосылу